«165 млн»: Алматы қаласының әкімдігі коттедж қалашығын заңсыз салғандармен соттаспақ

Алматыда коттедж қалашығы заңсыз салынып жатыр. Құрылыс компаниялары құрғаған өзен арнасын қоқыспен, топырақпен толтырып отырған. Компания басшылары  бұрынғы өзен арнасының орнына заңсыз, рұқсатсыз қымбат коттедж салуды бастап кеткен. Аталған жағдайға қатысты қала тұрғындары Ерболат Досаевқа шағымданған.

«Біз Бостандық ауданында «Алатау-2» бау-бақша серіктестігінде тұрамыз. Менде бұрынғы сайдың орнында «Baganashil Hills» коттедж қалашығын салу туралы сұрағым бар. 15 жыл бұрын бұл жыра толтырылды. Енді олар коттедж қалашығын салуды жоспарлап отыр. Барлығы 74 коттеджді. Құрылыстың  салдарынан кейбір көршілерімізде  үйлерінің қабырғалары жарылып жатыр. Бірнеше жылдан кейін бұл барлығына қиындық тудыруы мүмкін», — деді қала әкіміне сұрақ қойған тұрғындар.

Тұрғындар қымбат коттедж салынып жатқан жер өзеннің арнасы. Кейін өзен қайта ағуы мүмкін екенін айтып отыр.

«Бүгінгі күні біз  құрылысты бұзу үшін сотқа жүгіндік. Онда 10-ға жуық нысанның — ЖТҚ, екі қабатты үйлердің құрылысы заңсыз басталды. Құрылысқа тыйым салу бойынша талап-арыз дайындалу үстінде», -деді  Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы Бақытжан Наурызбеков.

 

Сатылымға шығарылған қымбат коттедж қалашығындағы үйердің ең төмегі бағасы 165 миллион теңгеден басталады.