16 жастағы қазақ қызы қытайлық әлем чемпионын ұтты

Шахматтан Pro Chess League турнирінің финалында 16 жастағы Алуа Нұрманова қазіргі әлем чемпионы қытайлық Цзюй Вэньцзюнді ұтты.

Қазақстан шахмат федерациясының хабарлауынша, Алуамен бір командада гроссмейстерлер Хикару Накамура, Владимир Федосеев пен Шамсиддин Вохидов өнер көрсетті.

Pro Chess League (PCL) — жүлде қоры 150 000 АҚШ доллары болатын шахмат лигасы. Ол 1 ақпаннан 15 мамырға дейін болды.

Лиганың негізгі кезеңінде әлемнің мықты ойыншыларды ойнады. Олар жарысқа 16 команда ның атынан қатысты. Олардың ішінде Магнус Карлсен, Хикару Накамура, Аниш Гири, Фабиано Каруано, Александр Грищук, Катерина Лахно және басқа да гроссмейстерлер болды.

Алуа сонымен бірге халықаралық гроссмейстерлер Адхибан Баскаранмен (Үндістан), Николас Теодорумен (Грекия), Бенджамин Бокпен (Нидерланды) тең түсті.

Алуа Нұрманова —Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі. Ол Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, оқушылар арасында әлем чемпионы, кадеттер арасында әлем чемпионы, кадеттер арасында Азия чемпионы.