Фото: Pixabay
Павлодардағы мектептердің бірінде өзінің қатарласы мен ұстазды пышақтаған балаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Анықталғандай, жараланған баланың жасы 16-да, ал ұстаз 59 жаста. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оларды хирург дәрігер қараған, деп жазады Azattyq ruhy.
«Зардап шеккен әйел мен балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, олар үйлеріне босатылды», — деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, оқушы құрдасының арқасы мен иығын, ал, ұстазының кеудесі мен иығын жаралаған.