Қонаев қаласында отбасылық зорлық-зомбылық азаймай тұр. Облыс орталығындағы Отбасылық қолдау үйіне көмек сұрап, пана іздейтін әйелдер саны көбейген. Тұрмыстан тарығып, қорлық көрген 4-5 әйел күн сайын көмек сұрап хабарласатын болған, деп хабарлайды Qazaq.today.
Қонаев қаласында Отбасын қолдау орталығы 2023 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында көмек сұраған 1535 отбасы тіркелген.
«1078 адамға көмек берілді. Оның ішінде құқықтық мәселе бойынша – 204, әлеуметтік мәселе – 455, психологиялық көмек – 192, демеушілер тарапынан 686 адамға жекелей қолдау көрсетілген. Егер ана мен баланың отбасындағы жағдайы тым нашар болса, олар Алматы облыстық Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығына орналастырылады», — деп хабарлады Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан бойынша отбасы, әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға бағытталған бірыңғай байланыс нөмірі: 111
Қонаев қаласындағы Отбасын қолдау орталығының байланыс нөмірі: +7 747 451 3052
Мекенжайы: 1 ш/а, №41 үй