Бүгін 13 шілде күні Еуразия институтында Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Әли Рыза Акынжы қазақ журналистерімен кездесті, деп хабарлайды Qazaq.Today агенттігі.
Түркия Республикасында 2016 жылдың 15 шілдесіне қараған түнде болған төңкеріс әрекетіне қарсы бостандық пен демократия үшін күресті еске алу күніне орай өткен шарада бас консул елдегі қазіргі жағдайды баяндап, журналистер сұрағына жауап берді.
Бас консулы Әли Рыза Акынжы Фето лаңкестік ұйымының әрекеттері туралы баяндап, Қазақстанның 2016 жылы Түркия еліне көрсеткен қолдауы жайлы айырықша тоқталды.
«Төңкерістен кейін Қазақстанның тұңғыш президенты Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға іссапармен барып бізге зор қолдау жасады» деді Бас консул.
Айта кетейік, 15 шілде оқиғасында 251 адам қайтыс болып, 2700-ден аса адам түрлі жарақат алған.
Қазақстандағы Қасіретті қаңтар оқиғасын тілге тиек еткен Әли Рыза Акынжы мырза:»Біз қазақ халқына, еліне барынша тілеулес болып, көмек жасауға тырыстық» деді.
Лаңкестікпен күрестің қиындығы жайлы айтқан дипломат оның діни, әлеуметтік, экономикалық астарына үңілу керек деді.