Египеттің Хургада қаласында 45 ресейлік турист мінген «Синдбад» батискафы суға батып, алты адам қаза тапты,деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
Оқиға қалай болды?
Жергілікті уақыт бойынша таңғы 10:00 шамасында «Синдбад» батискафы туристер үшін суасты экскурсиясын өткізіп жатқан.
Қайық жағалаудан 1 км қашықтықта батып кеткен.
Батискафта 15 бала және бірнеше экипаж мүшесі болған.
Алты адам қаза тапты, тоғыз турист ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Экскурсия қалай ұйымдастырылды?
Экскурсияны ресейлік «Библио Глобус» туристік агенттігі ұйымдастырған.
Туристер 7 000 рубль төлеп, экскурсияға қатысқан.
Балалар билеті 3 500 рубль тұрған.
Батискаф 25 метр тереңдікке түсіп, 500 метрлік коралл рифін зерттеуі керек болған.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер
Барлық туристер Sindbad Club, Mercure Hurghada және Titanic Beach қонақүйлерінде тұрған.
Жергілікті билік тергеу жүргізіп, апаттың себебін анықтап жатыр.