14 жылға сотталған Талғат Ермегияев түрмеде бокспен айналысып жүр

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша 14 жылға бас бостандығынан айырылған Талғат Ермегияевтың түрмеде немен айналысатыны белгілі болды. Жазасының жартысын өтеп қойған Талғат Амангелдіұлы түрмеде бокспен айналысып жүр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

Әлеуметтік желіге тараған видеода оның бокстасып жатқаны көрсетілген.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті (ҚАЖД) бейнежазбаға түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, видео 2019 жылы Алматы облысы ҚАЖ мекемесі жасақтарының бірінде түсірілген.

«Видеодағы адамдар 2021 жылдан бері бір-бірінен бөлек камерада орналасқан. Кейінірек олардың бірі колониядан босап шықты», – деді ведомство өкілдері.

ҚАЖД мәліметінше, 2021 жылдың наурызында мекемедегі тінту іс-шаралары барысында спорттық құрал-жабдықтар тәркіленіпті.

«2022 жылы 29 наурызда осы видеоның тарауына байланысты сотталғандар жазасын өтеп жатқан камераларды аралап шықты – қандай да бір тыйым салынған заттар табылған жоқ. Анық-қанығын білу үшін қызметтік тергеу басталды, оның нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады», – делінген Алматы облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here