«138 мың»: Қарызы бар борышкерлерге шетелге шығуға тыйым салынбақ

Қарызы бар 1 млн астам қазақстандықтың шоты бұғатталып, мүлкіне тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды qazaqstan.tv. Олардың тізімі сот орындаушыларына жолданған. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, бүгінде мүлік пен көлік салығын төлемеген қазақстандықтардың жалпы қарызы 29 млрд теңгеге жетеді. Оның 90 пайызы — көлік салығына тиесілі.

Қарызы 138 мыңнан асатын борышкерлерге шетелге шығуға тыйым салынбақ.