Фото: Видеодан скрин
Түркістан облысы Ордабасы ауданында қызыл кітапқа енген қызғалдақтан гүл шоғын жинап жүрген әйел көзге түсті, хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Қызыл кітапқа енген қызғалдақыт жұлып жүрген әйелдің видеосы жексенбі күні жарияланды. Түркістан облысының полициясы құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.
“Түркістан облысында полиция қызметкерлері Ордабасы ауданы Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды жұлған Шымкент қаласының тұрғынын анықтады. Аталған жайт бойынша қылмыстық кодекстің 339-бабы (Өсiмдiктердің сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерін жою) бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram