[ad_1]
Ақмола облысында кәсіпкерлердің құқығы бұзылғаны анықталды, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Мемлекеттік кірістер органдары ескіру мерзімінің өтуіне қарамастан («Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекстің 62-бабы 1-тармағы) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу бойынша («Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекстің 92-1-бабы) 107 кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартқаны анықталды.
Прокуратураның жедел шарасы нәтижесінде кәсіпкерлердің құқығы қалпына келтірілді, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңсыз қаулының күші жойылды.
Заңбұзушылыққа жол берген мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Осылайша, өңірде 107 кәсіпкерге салынған айыппұлдың күші жойылды
Сондай-ақ прокуратура жанынан кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі мобильді топ жұмыс істейтінін еске саламыз.
Сіз заңсыз тексеруге, қызметіңізге араласуға немесе мемлекеттік органдар тарапынан қысымға тап болсаңыз, тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефонына +7 705 129 11 40 хабарласа аласыз.
[ad_2]