Шымкентте еңбек және әлеуметік қорғау департаментінің жетекшісі екінші топ мүгедегінен пара алған, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.
«Бұл халықтың осал тобына қатысты жасалған өте ауыр қылмыс. Осыған байланысты біздің департамент бірқатар іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті № 5 бөлімінің басшысына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Ол басшы лауазымды атқара отырып, өзінің қызметтік жағдайын жеке, пайдакүнемдік мақсатта пайдаланғаны және делдал арқылы екінші топтағы мүгедек азаматқа мүгедектік мерзімін ұзарту үшін жалпы сомасы 10 мың теңгеге пара алғаны анықталды», — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы Олжас Тобашов.
Осылайша іс материалдары сотқа жіберілген. Нәтижесінде шенеунік тиісті жазаға тартылып отыр.
Qazaq.today