Үкімет тарапынан Азия ойындарында жүлде алған чемпиондарға қанша сыйақы берілетіні жариялады. Туризм және спорт министрлігі жазғы Азия ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына ақшалай ынталандыру мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today. Азия ойындарының чемпионы атанған спортшыға 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Ал, алтын медаль иегерін жарысқа дайындаған жаттықтырушыға 5000 АҚШ доллары қарастырылып отыр.
«Құрлық біріншілігінің күміс жүлдегері 5000 АҚШ доллары, ал жаттықтырушысы 3000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Сондай-ақ, қола медаль еншілеген құрама спортшысына 3000 АҚШ доллары, ал оның жаттықтырушысына 2000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай ынталандыру белгіленген», -деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Әбдуәлиева.
Азия ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Өз тарихында 29-шы мәрте жалауын көтеретін Азия ойындарында 40-тан астам спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады. Қазақстан қоржынында әзірге бір күміс, бір қола медаль бар.