1 сәуірден бастап жыл сайын бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін құжат тапсыру басталады. Құжаттар egov порталы арқылы онлайн тапсырылады. Бірақ дәл бүгін, яғни құжат тапсыратын күні egov порталы істен шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
egov.kz порталының бірінші бетінде осылай жазылған.
Портал қазір қолжетімсіз, біз оны қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз! – деп жазылған.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан ресми мәлімдеме күтеміз.
Еске сала кетейік, 1 сәуірден 31 тамызға дейін 1-сыныпқа құжат тапсыруға болады.
Құжаттарды Egov.kz арқылы немесе қағаз түрінде өткізуге болады. Балалар 6 жастан бастап мектепке қабылданады.