«1 млрд теңге»: Шымкентте коммуналдық кәсіпорын басшылары ас ірі көлемде қаражат ұрлаған

Шымкентте коммуналдық кәсіпорын басшылары қамауға алынды. Олар  ас ірі көлемде мемлекет қаражатын ұрлаған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  Аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша Шымкент қаласы әкімдігі мен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты істі ҚМА Шымкент қаласы бойынша Департаменті тергеп жатыр.

«Қала әкімдігінің бақылауындағы қосалқы мердігерлермен және лауазымды тұлғалармен бір топ адамдармен бірлесе отырып, жұмыс пен тауарлардың құнын жоғарылатып, жылу желілері мен электр желілерін ағымдағы жөндеуге бөлінген 1,1 млрд. теңге сомада бюджет қаражатын ұрлау жолымен қалалық коммуналдық кәсіпорнының басшылығы қылмыс жасады деп күдіктелуде», — деп хабарлады ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды. Шенеуніктер заңсыз жолмен тапқан ақшаны пайдаланып, Астанадағы элиталық тұрғын үй кешендерінен құны 150 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік сатып алған. Тергеу сотының санкциясымен барлық мүлікке тыйым салынды.Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды.