Эксклюзивті мазмұн:

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы...

«42 метрде орналасқан»: сот «Кублей» зауытына қатысты дауға нүкте қоя алмады

«Кублей» зауыты мен Орал қаласының әкімдігі арасындағы іс белгісіз...

Президент сайлауы кезінде тәуелсіз бақылау жүргізген «HAQ» қоры жұмыстарының нәтижесін жариялады

Тәуелсіз бақылаушылар президент сайлауының қалай өткенін жариялады.  «HAQ» қоры...

«1 млрд теңге бөлінген»: Жетісу облысында мердігердің жауапсыздығынан мың оқушы мектепке бара алмай жүр

Жетісу облысында мектептің жөндеу жұмыстарын мердігер компания жарты жылдан бері аяқтай алмай келеді. Күрделі жөндеу жұмыстарына бюджеттен 1 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған болатын. Енді компания жұмысының салғырттығынан бір мыңға жуық оқушы өзге мектептердің оқушылармен қабаттасып оқуға мәжбүр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy -на сілтеме жасаған Qazaq.todayақпараттық агенттігі. Сарыөзек кентіндегі №49 мектепке жөндеу жұмыстары маусым айының басында басталған. Бірақ одан бері бес айт өтсе де жұмыстың бітетін түрі жоқ.

«Қазір оқушылар аудан орталығындағы өзге екі мектепке бөлініп оқып жүр. 1-4 сыныптың оқушылары Сарыөзек мектебіне, 5-11 сыныптың аралағындағы оқушылар Күреңбел мектебіне қатынап барып білім алып жүр. Мектептің жөндеу жұмыстары уақытынан кешігіп тұр. Тағы қосымша бюджеттен ақша сұратты, құжаттарын дайындап жатыр», – деді Кербұлақ аудандық білім бөлімінің бас маманы Гүлжанат Сағатова.

Оқушылар бөлініп барып жүрген қос мектепте онсыз да бала саны аз емес. Күреңбел мен Сарыөзек мектептеріне үшінші оқу орнының оқушылары мен мұғалімдері қабаттасып жүруге мәжбүр. Тендерді «Құрылысшы-ТБС» ЖШС жеңіп алған. Мың оқушы білім алатын мектептегі жөндеу жұмыстарын компания қыркүйек айында аяқтауы тиіс болған. Бірақ бірінші тоқсан бітуге жақындаса да мектеп әлі жаңартылған жоқ.

«Қосымша құжаттар дайындап, сараптамаға жібердік. Сараптамаға жіберілген өтініш 45 күнде қаралады. Одан кейін бюджет бөлінеді. Мектептің жертөлесінен су шығып кетті. Оны қазып, кептіру керек. Мектептің астындағы су қыста кеппейді, жазда құрғауы мүмкін. Сондықтан жұмыстың қашан аяқталатынын нақты айта алмаймын», – деді мердігер мекеменің қызметкері Берік Құсайынов.

Қабырғасы 1958 жылы қаланған мектепті жаңартуға әу баста 823 миллион теңге бөлінген. Екі қабатты ескі мектепті жаңалауға ақша жетпей, жұмыс аяқталмай қалған соң, аудандық білім бөлімі қосымша тағы қаражат қажет деп тапқан.

«Қосымша тағы 200 миллион теңгеге өтінім берілді. Қаражат әлі бөлінген жоқ, күтіп отырмыз. №49 мектепте 950 бала оқып келген. Жөндеу жұмыстары аяқталғанша осылай басқа жаққа барып оқуға мәжбүр. Жүзден астам қызметкер бар», – деді Сағатова.

Соңғы

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы...

Құрғақ сай: Шымбұлақта жаңа 3 км шаңғы жолы қосылды

2022-2023 қысқы маусымында «Шымбұлақ» тау шаңғы кешенінде «Құрғақ Сай»...

LRT ісі: сотталушы Сағынтаевтан, Ахметовтен, Исекешевтен және Тасмағамбетовтен жауап алуды талап етуде

LRT/BRT қылмыстық ісінде айыпталушы Ұлықбек Ачилов 23 қарашада астананың...

«42 метрде орналасқан»: сот «Кублей» зауытына қатысты дауға нүкте қоя алмады

«Кублей» зауыты мен Орал қаласының әкімдігі арасындағы іс белгісіз...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед ресейлік сарапшылардың «Россия 1» телеарнасында сөйлеген сөздеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaq.today...

Құрғақ сай: Шымбұлақта жаңа 3 км шаңғы жолы қосылды

2022-2023 қысқы маусымында «Шымбұлақ» тау шаңғы кешенінде «Құрғақ Сай» жобасын іске асырады, ол + 3 км жолды қосуға мүмкіндік берді. Бұл туралы Qazaq.Today тілшісі...

LRT ісі: сотталушы Сағынтаевтан, Ахметовтен, Исекешевтен және Тасмағамбетовтен жауап алуды талап етуде

LRT/BRT қылмыстық ісінде айыпталушы Ұлықбек Ачилов 23 қарашада астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында маңызды куәлік беріп, жоғары лауазымды тұлғалардан жауап алуды сұрады. Ұлықбек...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here