1 млрд теңгеге ұрлаған: Алматыда компанияны тонаған жігіт Дубайда ұсталды

Фото: Polisia.kz

Алматыда компаниядан қомақты ақша алып, шетел асып кеткен Қазақстан азаматы Дубайда ұсталды. Polisia.kz -тің жазуынша, Дубайдағы қашқынды интерпол қолға түсірген.

Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) халықаралық іздеуге жарияланған ер адам ұсталды.

2022 жылы күдікті адамдар тобымен Алматыдағы ЖШС-лердің бірінен өзіне қарасты компанияның шотына қаражат аудару арқылы 947 миллион теңге жымқырған.

Қазіргі уақытта қарақшы қашқын қамауда. Оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.