Алматы қаласы бойынша ІІД аумақтық департаментінің қызметкерлері мемлекетаралық іздеуге жарияланған Жексенғалиев Әнуарбек Булатұлын ұстады, — деп хабарлайды Qazaq.Today тілшісі ведомствоның ресми арнасына сілтеме жасап.
Еске салайық, 25 сәуірде Қаржы мониторингі агенттігі оны іздеуге жариялаған болатын.
Ол алдын ала сөз байласу арқылы 1,1 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.